Павлодарлықтар автокөлік салығы бойынша 650 млн теңге қарыз

Өңірде қазіргі күні 190 мыңға жуық көлік тіркелген. 9 мың көлік иесі салық берешектерін төлемей отыр.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

«9 мың автокөлік иесінің салық бойынша 650 млн теңгеге жуық қарызы бар. 1 сәуірде 2023 жылға салық төлеудің жаңа мерзімі басталады. Салықты уақтылы төлемеген адамдарға 2 сәуірден бастап салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады, сондай-ақ мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Көлік құралдарына салынатын салықтың есептелген сомалары бойынша Puch-хабарламалар Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға жіберілді, олар оны бірден төлей алады», — деп мәлімдеді департаменттен.

Көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша өңірде 130 мыңнан астам автокөлік иесі бар, олардың меншігінде 190 мыңға жуық көлік тіркелген.

Фото: Бас көлік прокуратурасы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!