Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы Ярослава Кравчук NASA-ның білім грантын жеңіп алды. Ол кометалар мен астероидтар топырағынан сутегі отынын алу үшін Kanysh шағын ғарыш кемесінің үлгісін жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ярослава Кравчук өзінің өнертабысын сұхбат кезінде әуелі NASA өкілдеріне көрсетті. Кейін жаңалығын «XXII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясында таныстырды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Енді павлодарлық оқушы жыл сайын FISE ғарыштық білім беру халықаралық қоры ұйымдастыратын NASA United Space School-ға Қазақстан атынан қатысады.
Кішкентай кезімнен ғарышқа әуестеніп, 4-сыныптан бастап түрлі ғарыш аппараттарын құрастыра бастадым.
Ұшақ жасау идеясы оқу жылының басында пайда болды. Жобаны жүзеге асыруға зымыран ғылымы бойынша жаттықтырушы Евгений Бовсуновский, информатика және робототехника пәнінің мұғалімі Руслан Смайылов және Астроклуб жетекшісі Гүлнар Баубекова көмектесті. Жобаны әзірлеуге көмектескен педагогтеріме алғысымды айтамын. Халықаралық ғарыш мектебінде оқу – менің арманым. Бұған дейін мен қазақстандық жастардың ол жобаға қалай өткенін көрдім. Сондықтан мен де қатысып көруге шешім қабылдадым және ол қолымнан келді, – деді Ярослава.
Дарынды оқушы осы жазда Хьюстон университеті мен NASA ғарыш орталығына барады. Қазірдің өзінде ол NASA-дан негізгі бағдарламаға дайындық ретінде тапсырмалар алып жатыр. Ярослава өзінің болашағын ғарышпен байланыстырып, сүйікті ісімен айналысуды жоспарлап отыр.
Ozgeris.info порталы
Id like to thank you for the efforts youve put in penning this site. I am hoping to check out the same high-grade content from you in the future as well. In fact, your creative writing abilities has encouraged me to get my own site now 😉