Павлодарда жол апатынан жаңа туған сәби көз жұмды

Фото: Павлодар полициясы

Павлодарда «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы жеңіл көліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ozgeris.info.

«Ақсу өңірінің Ребров ауылының маңындағы «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада автокөлігінде болған сәби көз жұмды. Бала жақында ғана дүниеге келген, қырқынан да шығып үлгермеген. Екі көліктің де жүргізушілері зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора