Павлодарда барлау қызметкерлері ірі жерасты есірткі зертханасын бұзды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Зертхана саяжай аумағында орналасқан. Оқиға орнынан 170 келі мефедрон, екі тонна прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есебі бойынша тәркіленген есірткінің көлемі 680 мыңнан астам бір реттік дозаны құрады. Олардың қара нарықтағы құны 4,2 млрд теңгеге бағаланды.
Есірткі өндірді деген күдікпен қазақстандық және үш шетелдік азамат ұсталды. Сот төртеуін де қамауға алуға санкция берді, тергеу жүріп жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ