Павлодардағы №45 түзету мекемесінде иттер сотталғандарға психологиялық көмек көрсетті, деп хабарлады Polisia.kz
Павлодар облыстық ҚАЖД-ға қарасты №45 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға психологиялық қолдау күнін өткізді. Колонияға хаски мен малинуа иттері әкелінді.
Біз іс-шараны ұйымдастыру үшін Павлодардағы шана иттері федарациясының өкілдеріне хабарластық. Олар бізге қолдау көрсетті. Ең алдымен сотталғандарға психологиялық қолдау көрсетуді ойладық. Олар уақытын пайдалы өткізді деген үміттеміз, — деді №45 мекемесінің тәрбие-ісі бойынша орынбасары Нұрлан Тойғанбаев.
Алексей атты сотталушы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
«Осындай ерекше дайындық үшін мекеме ұжымына алғысымыз шексіз. Өзімді еркіндікте жүргендей сезіндім. Үйімде мені питбуль күтіп отыр», — деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ