Мектеп оқушысын зорлағаны үшін колледж студентіне сот үкімі шықты. Процесс жабық режимде өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі ORDA порталына сілтеп.
Жасөспірімге Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды – «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері».
«ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деп үкімді оқыды қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.
Сотталған жасөспірімге екі жыл бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сонымен қатар, сот оның кәмелетке толмағанын және ІІ топтағы мүгедектігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.
Сот үкіміне қатысты Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сауле Шакенова пікір білдірді. Оның айтуынша, сот әділ шешім шығарған.
«Өкінішке қарай, сексуалдық сипаттағы қылмыстар көбіне отбасы мүшелері немесе үйге кіріп-шығып жүрген адамдар тарапынан жасалады. Бұл атышулы іс қоғамда бар ауыр статистиканы тағы да растады. Ол жәбірленушінің қан туысы», – деді Шакенова. Сонымен қатар, үкімнің әлі заңды күшіне енбегенін, оған апелляция берілуі мүмкін екенін атап өтті.
Қыз бала туысынaн осыдан жарты жыл бұрын босанған. Екі отбасы да ауылдық жерде тұрған. Ал колледждің бірінші курс студенті сәуір айында қамауға алынған.
Қазір қыз баланың жағдайы жақсы, деп сендірді Сауле Шакенова.
Өткен жылдың қараша айының соңында Шакенова Павлодар облысында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өршуі туралы мәлімдеген болатын
ПІКІР ЖАЗУ