Павлодар облысында 2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, жалпы ұзындығы 498,7 шақырымды құрайтын елді мекендердің көшелерін қайта жаңарту және жөндеу жоспарлануда, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдардың орташа жөндеуі 48,97 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу 125,7 шақырымды, кірме жолдарды жөндеу 115,5 шақырымды және елді мекендердің көшелерін жөндеу 208,6 шақырымды құрайды.
Жұмыстардың сапасын Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының Павлодар филиалы қызметкерлерінің жіті бақылауында болады.
2023 жылы «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының» Павлодар филиалы жол учаскелерінің 212 жөндеу және күтіп ұстау орындарына 693 рет барды. Павлодар жолдарында жүргізілген тексерулер барысында 323 ақау анықталса, оның 51-і күні бүгінге дейін жойылмаған.Жою мерзімі ақаулардың немесе бұзушылықтардың түрлеріне байланысты. Олар директивалармен белгіленген мерзімдерге сәйкес келуі керек. Мысалы, егер бұзушылық қауіпті болса, оны 10 күн ішінде жою керек.
Барлық анықталған ақаулар мердігер есебінен жойылатынын атап өткім келеді. Бүгінгі күні бұрын анықталған ақауларды жою аясында мердігерлер есебінен жалпы сомасы 180 млн теңгеге жұмыс қайта ұйымдастырылды.
Айта кетсек, өткен жылы Жол активтеріні ұлттық сапа орталығы Павлодар филиалының жұмыс сапасы мен материалдар сараптамасы облыстағы жол жөндеу жұмыстарын 100 пайызға қамтуға қол жеткізді.
ПІКІР ЖАЗУ