Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Дуров
Фото: TuckerCarlson/Youtube

«Астана» халықаралық қаржы орталығы лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Павел Дуровтың криптовалютасын мақұлдады. Бұл ақпаратты АХҚО растады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Toncoin цифрлық активін лицензиясы бар платформаларда сауда жасауға мақұлдаған.

«АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті AFSA лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Toncoin-ді қарап, мақұлдады. AFSA кешенді тексеріс нәтижелері бойынша шешім қабылдады, оның барысында Toncoin AFSA белгілеген нормативтік стандарттарға сәйкес келетіні анықталды», – делінген хабарламада.

Демек енді инвесторлар AFSA лицензияланған платформаларында Toncoin-мен сауда жасай алады. Toncoin-ді АХҚО-ның реттелетін ортасына қосу қауіпсіз және ашық сауда жолдарын іздейтін институционалды және бөлшек инвесторлардың жаңа толқынын тартады деп күтілуде.

Айта кетейік, Toncoin – Telegram Open Network (TON) блокчейніндегі цифрлық актив. Блокчейнді Павел Дуров негізін қалаған Telegram командасы әзірлеген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев IT маманы Павел Дуровпен болашақта перспективалы жобаларды іске асыру жоспарда бар екенін айтқан еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны