Пәтер жағалап жүрген жұрттың бар уайымы үй иесінің құқайы. Біреулері шамадан тыс тексеріс жасап, енді бірі қуып жіберуден тайынбайды. Егер жалға беруші жағаңыздан алып, үйден қуып жатса не істеу керек? Сіздің құқығыңыз қандай? Ozgeris.info тілшілері анықтап көрді.
Ең алдымен ҚР Азаматтық кодекстің 151 бабына сәйкес ауызша және жазбаша келісім болады. Пәтер иесі сізді үйіне кіргізсе бұл келісім жасалды деген сөз.
Егер пәтер ақысын төлемесеңіз соттың шешімінсіз, қандай да бір нормативтік актісіз сізді шығарып жіберуге құқығы жоқ.
Ал қоғамның осал топтарын соттың шешімі бола тұра жылыту маусымында шығаруға болмайды. Бұл Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 29 бабында көрсетілген.
«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған және (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасыларды жылыту маусымында тұрғынжайдан шығаруға тыйым салынады», — делінген.
Сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің 545-бабы бойынша, жалға алушы пәтерді босатпас бұрын бір ай алдын мүлік иесіне ескертуі тиіс.
Ал келісім-шартта шығару мерзімі көрсетілмесе үйден шығару туралы үш ай бұрын ескертуі керек.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру