Сайлау кезеңінде берілген уәделер орындалуы тиіс, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
«Сайлау кезеңінде берілген уәделерді бірінші кезекте орындау керек. Екіншіден, партия популизмге әуестеніп, орындалмайтын уәделерді беріп, кейін Премьер-Министр мен оның кабинеті мүшелерінен керекті сандарды талап етіп, бастарынан соқпауы керек. Күмәншілдік пен партияға деген сенімсіздік осыдан туады.
Мұның барлығы жалпы алғанда көзбояушылық деп аталады. Ол адамдардың әлеуметтік сезімі мен ішкі саяси тұрақтылыққа тікелей әсер етеді. Әсіресе, геосаяси турбуленттілік жағдайында істердің бұлай қалыптасуы қабылданбайды», — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.
ПІКІР ЖАЗУ