Парламентке «тергеу» қызметі не үшін керек?

Заңсыз шығарылған капиталды қайтару туралы заң жобасы Мәжілісте қаралғанда, парламенттік тергеу функциясының қажеттігі туралы «Ақжол» фракциясының депутаты Азат Перуашев көтерді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Депутаттың сауалында айтылғандай «Ақ жол» партиясы мұндай ұсыныстарды «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасына 2013 және 2020 жылдары ұсынғанда,  Үкімет соған үнемі қарсы болып, тосқауыл қойып отырды.

Жалпы әлемдегі тәжірибелерге сұйенсек барлық дамыған және өзге де мемлекеттердің парламенттеріне тергеу құзыреті берілген екен. Мәселен, парламенттік тергеуді АҚШ Конгресі мен, Ұлыбритания парламенті кеңінен қолданады. Германия, Италия, Испания, Чехия, Польша, Литва, Оңтүстік Корея, Жапония, көршілеріміз Ресей мен Өзбекстан мемлекеттерінде парламенттік тергеу және бақылау туралы арнайы заңдар мен регламенттер бар екені туралы сауалда келтірілген

2016 жылы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы да «Парламенттік тергеу туралы» үлгілік заңын қабылдаған болатын.

Осыған байланысты, капиталдарды қайтару бойынша заңын жақында болған талқылауға сай, партия өз бастамасына қайта оралып, «Ақ жол» партиясы, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» және «Құқықтық актілері туралы» заңдарына сәйкес әзірлеген, парламенттік тергеу туралы заң жобасын сондай-ақ оған түсіндірме хатты қоса, Үкіметке сараптамаға жіберді.

Заң жобасының мақсаты:

— демократиялық институттардың халықаралық тәжірибесін енгізу, қоғамдық және парламенттік бақылауды күшейту;

— өкілді, атқарушы және сот биліктері тармақтарындағы тежеу мен тепе-теңдік балансын қалыптастыру;

— резонансты оқиғалар, сондай-ақ, соларға байланысты және қоғамнан жасырылаған болуы мүмкін фактілерге қоғамдық-саяси жағынан да баға беру сияқты қағидаттарды іске асыру.

Парламенттік тергеу институтын енгізу туралы бастама — Президент Тоқаевтың «Күшті президент – ықпалды парламент — есеп беретін үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған, — делінген депутаттық сауалда.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит