Елімізде «ерекше» балаларға арналған білім беру саласының дамуында, оны ұйымдастыруда, жалпы инфрақұрылымында әлі де кемшіліктер бар. Білім ордаларында арнайы жеделсаты, пандус, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беретін қондырғылар жоқ. Мұны ерекше бала тәрбиелеп отырған ана Мамура Қаттабекова да растап отыр.
«Қазір далаға әрең алып шығамын, тек жата бергісі келеді. Мүмкіндігінше баланы қатарға қосып, мектепте оқуына жағдай жасаса деймін. Мектепті үйтіп-бүйтіп бітіргеннің өзінде университеттерде де ерекше балаларға жеткілікті жағдай жасалмаған. Өздігенінен баспалдақпен түсіп шыға алмайды. Біздің елімізде мүгедектер тұрмайтын секілді», – дейді М.Қаттабаева.
Ерекше балалардың білім алуында кедергі аз емес. Арнайы кітап, бағдарлама, жеделсатыдан бөлек психологиялық қысымды да жоққа шығара алмаймыз. Мұндай балалар мектепте оқыса, өзге оқушылар кемсітуі мүмкін. Психолог Лимана Қойшиева мектептегі буллинг барда, ерекше балалардан бұрын қатардағы оқушылар зардап шегуі мүмкін.
Осы мәселеге қатысты әлем тәжірибесінде Ұлыбританиядан аларымыз бар. Ол елде балабақшаларда балаларға ойын барысында арнайы мүгедектік белгілері бар қуыршақ беріледі. Сонда кішкентайынан мүгедектік белгілерімен танысып өскен бала мектепке барғанда бір сыныпта отырған «ерекше» балаға таңғала қарап, мүсіркеп жатпайды. Қорытындысында, дамуында ауытқуы бар, денесінде қандай да бір кем-кетігі бар балаларға бірінші мемлекет сапалы білім алуы үшін, еркін жүріп-тұруы үшін жағдай жасауы керек. Екінші, азаматтар өзектен теппей, өзімсінсе дейміз. Өйткені олар да қоғамның тең құқылы мүшесі.
Гүлжанат АМАНГЕЛДІ
ПІКІР ЖАЗУ