Бүгінде Қазақстанда 130 мың тоннаға жуық пияз болса, оның басым бөлігі Жамбыл облысына тиесілі. Бұл ретте, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды Пәкістан, Ресей және Балтық жағалауы елдеріне экспорттау мәселесін пысықтауда.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты.
– Бұл мәселе ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп пысықталып жатыр. Пиязды сыртқы нарықта сатуды қамтамасыз ету «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ға тапсырылды. Бүгінде Пәкістанға, Ресейге және Балтық жағалауы елдеріне пияз жеткізу ісі белсенді жалғасуда, — деді Ербол Тасжүреков.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әлемде пияз бағасы мен экспорт көлемі төмендеп, Грузия мен Әзербайжанға 160 мың тонна пияз экспорттау қажет екенін айтқан болатын.
ПІКІР ЖАЗУ