Пәкістан мен Үндістан арасындағы шиеленіс: Air Astana рейстері тоқтатылды

Фото: pixabay

Air Astana әуе компаниясы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірнеше рейсінің тоқтатылғанын хабарлады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Атап айтқанда, мына рейстер орындалмайды:

  • KC 907/908 бағыты бойынша Алматы – Дели – Алматы
  • KC 291/292 бағыты бойынша Алматы – Мумбай – Алматы (8 мамырдан бастап)

Компания жолаушыларға билеттердің толық құнын қайтаруды уәде етті.

Сондай-ақ, Air Astana өкілдері қазақстандықтар мен өзге де жолаушыларды елге қайтару үшін балама бағыттарды қарастырып жатқанын мәлімдеді.