Әлеуметтік желілерде екі қыздың жанжалдасып, артынша төбелескен видеосы тарауда. Кейін олардың біреуі өзін трансвестит деп жариялайды. Бұл сәтті жолдан өтіп бара жатқан куәгерлер түсіріп алып, оқиға оларға қатты күлкілі көрінген.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 ақпан күні түнгі сағат 3 шамасында Төле би көшесінде, «Домбыра» мейрамханасының маңында патрульдік полицейлер қоғамдық тәртіп бұзылғанын байқаған.
Мас әйел боқтанып, айналасындағылардың мазасын алған. Осы себепті ол ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бір ер адам жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл алды. Оның трансвестит болған-болмағанын полиция нақтыламады.
ПІКІР ЖАЗУ