Шымкентте отбасылық жанжал кезінде полиция подполковнигі өз анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында орын алған.
Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.
4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.
«Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», — делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.
ПІКІР ЖАЗУ