Отарда комаға түскен Әбділпат Нұржігіт ауруханадан шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Бұл үлкен жеңіс әрі қуанышты жаңалық. Әбділпат Нұржігіт міне ауруханадан шықты. Біз сарбаздың сауығып кетуін ел болып тіледік. Бірінші кезекте ата-анасы үшін теңдессіз қуаныш. Осы орайда Қорғаныс министрлігінің Әскери госпиталі дәрігерлерінің үлесі көп екенін айтқан жөн. Сондай-ақ дәрігер Әйгерім Мұратқызына айтар алғыс зор. Өлімге араша түскен нағыз кәсіби мамандар», — деп жазды депутат парақшасына.
Еске сала кетейік, бұған дейін сарбаз есін жиғанда әкесі Тимур Жаналин Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, тілеулес болған барша қазақстандықтарға алғысын айтқан болатын. «Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне тағы да алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз.
ПІКІР ЖАЗУ