«Ота он сағатқа созылған»: Қызылордада қайын інісі жеңгесіне бауырын берді

Фото: Pixabay.com

Қызылордада тұңғыш рет бауыр трансплантациясы жасалды. 32 жастағы жігіт 40 жастағы жеңгесіне бауырының бір бөлігін берді, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелге он жыл бұрын бауыр циррозы диагнозы қойылған. Дәрігерлер оған ауырсынуды басу, қабынуды азайту үшін дәрі-дәрмектер қолданып көмектеспек болған. Алайда бұл емнен еш нәтиже шықпаған.

Қиын да күрделі отаны облыстық көпбейінді аурухананың дәрігерлері мен Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймаханов бастаған трансплантологтар жасады.

«Науқастың күйеуі, бауыры донор болуға тілек білдірген. Бірақ жарамсыз болып шықты. Донор ретінде қайын інісінің бауырының 60-65 пайызы реципиентке салынды. Он сағатқа созылған ота сәтті аяқталды», — деді орталық басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақовтың айтуынша, өңірде 764 адам бүйрек, 76 науқас бауыр ауыстыру кезегін күтіп тұр.

«2023 жылы облыста алғаш рет бүйрек трансплантациясы жасалды. Ал кеше тұңғыш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды», — деді ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...