Қарасай ауданындағы балалар дені дұрыс автобусқа жарымай келе жатқанына қаншама уақыт болды.
Алматы облысы әкімдігі бұл сұрақты шешпей келеді. Халық зардабын тартуда.
Әлеуметтік желіде тараған видеода автор автобус күтіп тұрған бір топ ауыл балаларының жағдайын жеткізді.
«3-ақпан. Сағат 13.30 болды. Жамбыл ауылындағы екінші мектебі. 19 киллометрдің оқушылары аялдамада жүгіріп жүр. Сабақ басталатын уақыт болды, автобус әлі жоқ. Балалар тоңды, бұл жерде қаңғыбас иттер де көп. Автобустар уақытында неге шықпайды? Бұзылып қалса, уақытылы басқа автобусты неге жібермейді? Күндізгі уақытта білінбейді, кешке балалар қалай қайтады үйлеріне?», — деп шүйлікті видео авторы.
«Пиьсма Президенту» арнасы Алматы облысының әкімдігіне басшылыққа бюджет қаражатынан жол талғамайтын көліктерді сатып алғанша, Қарасай ауданының оқушыларын дұрыс автобуспен қамтамасыз етіп беруін сұрады. Мәселе қаншама уақыт бойы көтеріліп келгенімен, әлі дені дұрыс автобус немесе жаңа мектеп салынбаған.
Шулы видео тараған соң, Қарасай ауданының білім бөлімі жауап берді.
«Жамбыл ауылындағы 2 орта мектебінің тасымалдаудағы автобустарының бірі техникалық себептермен сынып қалуына байланысты кешіккен. Орнына 3 автобус оқушыларды екі рейспен тасымалдады. Оқушылар сабаққа толық жеткізілді. Жалпы тасымалдау мәселесін шешу мақсатында Алмалыбақ ауылында “Жайлы мектеп” жобасы аясында 1200 орындық мектеп салынуда. 2025 жылдың сәуір айында қолданысқа беру жоспарлануда. Аталған мектеп қолданысқа берілген жағдайда тасымалдау мәселесі шешілетін болады», — делінген жауапта.
Қасқелен қаласында да мектеп мәселесі шешілмеген. Желі қолданушылары соңғы 15 жылда тек екі мектеп берілгенін айтты. Саябақ атымен жоқ, қала базарға айналған деп шағымдануда.
ПІКІР ЖАЗУ