Продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келініне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келіндеріме әзілдеп, егер де мені шын сағынсаңдар, арнайы дәм дайындадыңдар – дастарханға қарап сағынғандарыңды білемін дейтін едім. Әзірге ыстық нан, бауырсақ, шайға қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өздері пісіріп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік, — дейді Айдарбекова.
Продюсер өзін жылы шыраймен күтіп алған кіші келініне алғыс айтып, батасын берді.
Күлімдеп келінің жылы қабақпен күтіп жатса, үйдің шамшырағы емей немене?! Келінжан, ата-енеге деген құрметің өзіңе еселеп қайтуын нәсіп етсін, Индира, – деп жазды ол Instagram stories-те.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру