Қостанай облысының бухгалтері алты жыл ішінде өзіне 12 млн теңгеден астам қаржы аударды

Қостанай облысы мемлекеттік мекемесінің бухгалтері алты жыл ішінде өзіне 12,3 млн теңгеге жуық қаржы аударды. Тексеру барысында бұзушылықты аймақ прокуратурасы анықтады.

«Бас бухгалтер алты жыл бойы үнемдеу есебінен пайда болған ақшаны өзіне заңсыз аударған. Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы сома шамамен 12,3 млн теңгені құрады «, — деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.

Бухгалтерді ҚР ҚК-нің 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы — «Бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету» бойынша айыптады. Сот оны үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Тергеу барысында қызметкер залалды толық көлемде өтеді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...