13 қыркүйекте Қостанай облысында жүк көлігі жол тірегіне зақым келтірді.
Жол апаты Қостанай және Федоров аудандарының шекарасында орын алды. Полиция мәліметінше жүргізуші жол жөндеу жұмыстарына асфальт түсірген соң кузовын түсіруді ұмытыпк еткен.
“Әрі қарай жүру кезінде ол жол бетіне зақым келтірген. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы іс жүргізу шешімін сот қабылдайды”, – делінген хабарламада.
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Келтірілген залалды өтеу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілетін болады.
ПІКІР ЖАЗУ