Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бірінші оқиға Қостанай қаласындағы гараж кооперативінің аумағында болды. Құтқарушылардың күшімен өрттің басқа автомобильдерге таралуына жол берілмеді.
Екінші көлік Арқалықта өртенді. Құтқарушылар өртті шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде сөндірді.
Тағы бір көлік түнде Меңдіқара ауданы Боровское ауылынан 15 шақырым жерде Республикалық маңызы бар «Қостанай-Мамлютка» тас жолында автокөлік өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға туралы хабарланған сәттен бастап 28 минут ішінде өртті сөндірді.
Фото: ТЖД
ПІКІР ЖАЗУ