«Өскеменде «маньяк» пайда болды». Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тарады. ШҚО Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жергілікті YK-news.kz басылымының жазуынша, қауесет саяжай аймағындағы әйел өлімімен байланысты болса керек.
«Таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз»,-деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ