Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарын қала күнімен құттықтап, орталық алаңда ән шырқады, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
30 тамызда мерекелік серуен кезінде іс-шаралар мен ойын-сауықтармен қатар алаңда караоке алаңы орнатылды. Қала басшысы қолына микрофонды алып, жиналған тұрғындарға «МузАрт» тобының «Сен келердің» әнін орындап берді.
Желіде қала әкімінің видеосы пайда болды.
Еске салайық, Жақсылық Омар 2018 жылдың 20 тамызында Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
ПІКІР ЖАЗУ