Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері баспасөз жиындағы қазақ тіліндегі сұрақтарды аудармашысыз түсініп, мемлекеттік тілді үйреніп жүргенін көрсетті, деп хабарлайды 1bol.kz сайты.
Еске салайық, Черчесов бас бапкер болып тағайындалған уақытта журналистермен кездесіп, қазақша сұрақ қоймауды талап еткен болатын. Артынша қоғамда резонанс туып, ресейлік маман қазақ тілін үйренуге уәде берді.
«Қазақша қойылған сұрақтарды аудармашысыз түсінетін дәрежеге жеттім. Үйреніп жүрмін», — деді Станислав Черчесов журналист Нұрсұлтан Құрманның сұрағына жауап беру барысында.
Айта кетейік, Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 6 қыркүйекте Алматыдағы «Орталық стадионда» УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өтеді.
ПІКІР ЖАЗУ