Бұл туралы 30 қараша күні Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Азат Перуашев жариялап, Премьер-Министр атына жолдады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Депутаттың айтуынша, бүкіл әлемде шағын бизнес орта бизнеспен бірге экономиканың біртұтас секторы ретінде қарастырылады. Сондықтан, «small and medium enterprises» біріңғай термині де қолданады. Бұл туралы Президент Қ.Тоқаев өз жолдауларында Үкіметтен орта бизнесті қолдау бойынша нақты шаралар қабылдауды бірнеше рет талап етті.
«Алайда, біздің елде мемлекеттік қолдауға келген сайын орта бизнес әрдайым «өгей баланың» күнін кешуде. Қолдау шараларының барлығы дерлік не шағын, не ірі бизнеске бағытталған. Мысалы, тексеруге мораторий, салық жеңілдіктері де тек шағын бизнеске ғана арналса, ал инвестмент бойынша преференциялар, мысалы, табысты қайта инвесттеуды салығынан босату тек ірі бизнес үшін ғана бар», — деді депутат.
Сондай-ақ, сауалда орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі шаралар қарастырылмағаны туралы айтылды.
«Мықты деген шағын бизнестің өзі орта бизнеске айналығысы келмейді. Кәсіпорындарды ұсақтау мәселесі де осымен байланысты. Орта кәсіпорындар шағын және орта бизнестің субъектілер санының небәрі 0,2 процентін құраса да, ал осы сектордағы өндіріс көлемінің 20 процентін және бүкіл ел экономикасының 6,6 процентін қамтиды. Яғни, орта бизнестің экономикалық тиімділігі айқын», — деді ол.
Сонымен қатар А.Перуашев, шағын кәсіпкерлердің көпшілігі сауда мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін айтып, ірі кәсіпкерлік негізінен жер қойнауын пайдаланумен және шикізатты экспорттаумен айналысатынын, бизнесті қолдау туралы ұсыныстарын айтты.
«Орта кәсіпорындар негізінен отандық өңдеуші өнеркәсіптерден құралады. Мұнда қосылған құн мен ұлттық экономиканың технологиялық деңгейі де ең жоғары. Осыған байланысты «Ақ жол» демпартиясы орта бизнесті қолдаудың мақсатты бағдарламасын жасап, оны нақты әрі тиімді шаралармен толықтыруды ұсынып отыр. Мысалы, өткен жылы үкімет кәсіпорындардың дивидендтеріне салық енгізді. Біз бұл шешімді инвесттік ахуалды нашарлататын қате шара деп білеміз. Сондықтан, жуырда қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау барысында, «Ақ жол» фракциясы қор нарығындағы дивидендтерді салықтан босатуға қол жеткіздік. Бұл әрине маңызды қадам, ол үшін бастамамызды қолдаған Мәжілістегі әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Бұл жұмысты жалғастырып, қор нарығынан басқа да орта кәсіпорындардын дивиденттерін толығымен салықтан босату қажет деп санаймыз. Екіншіден, орта бизнесті қайта инвесттеуді, яғни олар негізгі капиталға, өндірісті кеңейтуге, ғимараттарды, жабдықтарды сатып алуға қайта салатын пайданы салықтан босату керек. «Ақ жол» фракциясы 2021 жылдың 26 мамырындағы депутаттық сауалында осындай ұсыныс жасады. Үкімет оған келісім берсе де, бірақ уәдесін әліге дейін орындамады. Үшіншіден, орта бизнестің критерийлерін қайта қарауды ұсынамыз. Қазақстанда орта бизнеске жылдық айналымы 20 миллион долларға жуық кәсіпорындар жатса, Ресейде — 30 миллион долларға дейін, Украина мен ЕуроОдақта — 50 миллион еуроға немесе 55 миллион долларға дейінгі жылдық айналымы бар, яғни, 2,5 есе ірі кәсіпорындар кіреді. ВТО ережелері бойынша, шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуге болады, демек, халықаралық деңгейде айналымы 55 миллион долларды құрайтын еуропалық кәсіпорындар өз мемлекеттерінен қолдау алуға құқылы, ал айналымы екі есе аз қазақстандық кәсіпорындардың ондай қамқорлыққа құқы жоқ. Сондықтан, орта бизнес үшін Украина мен ЕуроОдақ елдерінен кем емес критерийлер енгізу қажет. Орта бизнесті дамыту үшін басқа да кешенді шаралар әзірлеуді ұсынамыз», — делінген депутаттық сауалда.
ПІКІР ЖАЗУ