Батыс Қазақстан облысында әйел қызғаныштан күйеуінің интимдік фотосуретін «WhatsApp» мобильді мессенджері арқылы таратып жіберген, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Орал қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол сияқты, «И» азаматы әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкімдер заңды күшіне енді.
«Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды заңды сақтауға және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге шақырады», делінген қалалық сот таратқан хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ