Орал тұрғыны қайғылы жағдайда көз жұмды

Фото: istockphoto.com

Орал стансасында пойыз ер адамды қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп жазады ozgeris.info сайты.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша «Теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпты тұлға анықталған жағдайда, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.