Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,49 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 440,92 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 439,40 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 441,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 442,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 439 теңге, сатып алу құны — 444 теңге.
Ресей рублі 4,73 — 4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ