Ақмола облысы Ерейментау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан баланы Павлодарға әуе кемесімен тасымалдау көзделіп отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
Астанаға апарар жолдағы көлік апатынан зардап шеккен балалардың барлығын ауруханадан ата-аналары алып кеткен. Тек жансақтау бөлімшесіндегі жасөспірім ғана қалып отыр.
«Ерейментау аудандық ауруханасына жатқызылып, дәрігерлердің қарауына алынған балалардың барлығы ата-аналарымен үйлеріне жіберілді. Үш жасөспірімді ата-ананың бірі сенімхат бойынша алып кетті. Аурухананың жансақтау бөлімшесінде зардап шеккен бала ғана қалды. Павлодар облысының санитарлық авиациясы баланы жақын арада алып кетеді деп күтіліп отыр», — деп хабарлады Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру