Оңтүстік Корея президенті халқынан кешірім сұрады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай режимін енгізгені үшін кешірім сұрап, өзіне импичмент жариялануына байланысты алдағы дауыс беру кезеңінде оны қайтадан енгізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ саясаткер жауапкершілік алуға дайын екенін жариялады, деп жазады Yonhap.

«Юн жариялаған әскери жағдай режимі қолайсыздық, халықтың алаңдаушылығын тудырғаны үшін кешірім сұрады… Екінші рет әскери жағдай режимі енгізілмейді», делінді теледидар арқылы берілген трансляцияда.

7 желтоқсанда Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясында пленарлық отырыс өтеді деп күтілуде.  Отырыста ел Президенті Юн Сок Ёльге билікті күштеп басып алуға және негізсіз әрі заңнаманы бұза отырып, әскери жағдайды енгізуіне байланысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айып тағылып, импичмент жариялау мәселесі бойынша дауыс беру процесі өтеді.

Юн Сок Ёль 3 желтоқсанда кешке әскери жағдай режимін жариялады. Ол бұл шешімді КХДР тарапынан төнген қауіппен және еркін конституциялық құрылысты сақтау қажеттілігімен түсіндірді. Сондай-ақ Президент оппозицияны «мемлекетке қарсы көтеріліс дайындап жатыр» деп айыптады. 4 желтоқсанға қараған түні шұғыл отырыста Юнның мәлімдемесінен соң 150 минут өткен соң Парламенттегі 300 депутаттың 190-ы дауыс беріп, Президенттен әскери жағдай режмін дереу жоюды талап етті. 4 желтоқсанда таңертең Юн Парламенттің шешімін қабылдайтынын және әскери жағдай режмінің күшін жоятынын мәлімдеді, яғни ел алдына шығып жасаған үндеуінен кейін 5,5 сағат өткен соң. Полиция ел Президентіне қарсы мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен тергеуді бастады.