Алматы-Өскемен тас жолы бойынша бір топ адам көкпар тартқан.
Мәлім болғандай көкпарды 1979 жылы туған ер адам балаларының туған күніне орай «Көкпар» ойынын ұйымдастырған.
Ойынға өзге қалалардан келген спортшылар да қатысыпты.
«Қазір шараны ұйымдастырушы мен қатысушылары анықталып, Қонаев полиция басқармасына жеткізілді. Барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434, 406, 590-бабы бойынша жазаға тартылды», – деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов.
ПІКІР ЖАЗУ