Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне экономиканы дамыта түсудің жаңа жоспарын әзірлеуге бір ай уақыт берді.
«Әріптестер, ең кемі 6% деңгейінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету Үкіметтің биылға және орта мерзімді кезеңге арналған басым міндеті болып қала береді. Осыған байланысты мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ жаңа және іске асырылып жатқан жобалардың салаларды дамытуға қосатын үлесін ескере отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлерін қайта қарау қажет», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, Үкімет нәтижелі жұмыс істеп, экономиканың барлық саласын тиімді үйлестіруі керек.
«Ұлттық экономика министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде биыл 6% деңгейінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бекітуді тапсырамын. Жоспарда қаржылай қамтамасыз етілген нақты әрі тиімді іс-шаралар көрініс табуы тиіс», -деді Премьер-Министр.
Фото: primeminister.kz
ПІКІР ЖАЗУ