Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес кезінде Үкімет басшысы қаржы-экономикалық блок министрлерінің баяндамасын тыңдап, бюджетке ревизия жасауды тапсырды.
«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек», — деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов Мемлекет басшысына тапсырмалардың орындалатындығына уәде берген болатын.
Фото: akorda.kz
ПІКІР ЖАЗУ