«Оқырманыма сыйлаймын»: Нұрлан имам әлеуметтік желіден 2000 АҚШ долларын тапқан

Видеодан скриншоттар

Нұрлан имам әлеуметтік желі арқылы тапқан ақшаға қажылыққа жолдама алып, оқырманына сыйламақ, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында танымал мобилограф Қыран Талапбекпен бірге отырған видеосын жариялады. Бейнеде блогер дін өкілінің Tiktok тіркеулі жазбасының теңгерімін тексергенін көруге болады. Мобилограф тергерімді қарап, имамға шотта біршама қаражат тұрғанын айтады. Ал Нұрлан имам мұндай табыс туралы мүлде бейхабар болған.

«Қазір Нұрлан имаммен бірге отырмын. Бұл кісілер Tiktok желісі тікелей эфирде көрермендері берген сыйлық үшін ақша алуға болатынын білмепті. Қарасам, теңгерімінде 2 мың АҚШ доллары бар ғой», — дейді Қыран Талапбек.

Ал Нұрлан имам бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген.

«Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге, Ұмраға қажылыққа жолдама ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын», — деп жазды имам.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств