Оқушылар күзетшіні туған күнімен құттықтап, көпшілікті тәнті етті

Әлеуметтік желілерде оқушыларының күзетшіге әсерлі тосын сый жасағаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Әлгі видеоны көрген көпшілік оқушылардың адамгершілігіне риза болған.

Видео аз уақытта 3 миллионнан астам қаралым мен 700 мыңнан астам лайк жинады.

Балалар мектеп күзетшісіне шырақ жағылған торт, тәттілер және басқа да сыйлықтар әкелген. Ал ер адам балаларға алғысын білдірді.

«Сіздерді жақсы көремін! Менің отбасым өздерің. Рақмет”, – деді күзетші.

Әлеуметтік желіде тараған әсерлі видео желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

Видео авторларының сөзінше, мктеп күзетшісінің есімі – Абдулла екен. Ол білім ордасында үш жылдан бері жұмыс істейді екен. Мектеп оқушыларының айтуынша, күзетші үнемі айналасына шуақ шашып жүреді.

«Біздің күзетші өте мейірімді адам. Ол үнемі балалармен және ата-аналармен амандасып, жүзінен күлкі кетпейді. Әр оқушының есімін біледі әрі жақсы таниды. Сондай жақсы адам», – дейді автор .

Оқушылардың айтуынша, құттықтауға дайындық алдын ала басталған. Мектеп оқушылары мессенджерде чат ашып, оған бастапқыда 20 адам қосылған. Уақыт өте келе қатысушылар саны артып, чатта 200-ге жуық адам болған.

«Ақша жинап, оған торт пен сертификат сатып алдық. Оны үзіліс кезінде мектепке шақырып, құттықтаймыз деп шештік. Күннің соңына таяғанда мектептен шыққанда ол кісімен сөйлестім. Ол барлық баланың туған күнімен құттықтағанын, ол жерде бірінші және екінші сынып оқушылары да болғанын жеткізді. Көп адам оған бізден бөлек те сыйлықтар берді. Ол сондай бақытты», – деді оқушылар.

Оқушылардың айтуынша, таяуда күзетшінің ұлы қайтыс болыпты. Ұйымдастырушы оқушылар, ұлын жерлеуге бір күнде 200 мың теңге жинап беріпті.