Оқушылар балаларды қорғау күніне орай Ақордада болды

Еліміздің барлық облыстарынан 80-нен астам бала жиналды. Жас қонақтардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу озаттары бар.

Балаларға экскурсия ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ақордадан басқа балалар елорданың басқа да көрікті жерлерін аралайды.