Жасөспірім баланың жыныс мүшесіне тиісті деп айыпталған Алмас Кішкенбаев изолятордан шыққаннан кейін алғаш рет пікір білдірді, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Бәрі аяқталған соң, ақпаратты өзім берейін деп ойладым. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жанның барлығына арғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жан қаншалық болса, рейтинг жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. заңға бағынамын, бірақ тағылған айыппен келіскен емеспін, келіспеймін де. Бралығы аяқталды. Енді бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыз болады. Осы жерден нүктесін қояйын», — дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаевтің бостандыққа шыққаны белгілі болды. Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторынан шыққан кезде оны қара көлік күтіп тұрды. Дәл 18:00-де Алмас Кішкенбаев изолятордан қара бетперде киіп шықты.
ПІКІР ЖАЗУ