Ninety One тобының әншісі: Үйден шыққым келмейді

Фото: 365info.kz

Ninety One тобының солисі Alem эксклюзив сұхбатында әке атану сезімі туралы ашып айтып берді, деп хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасаған Ozgeris.Info.

Ол сүйіктісіне және барша әйелге шексіз алғыс айтып, бас иетінін жеткізді.

«Әке атану тамаша сезім сыйлайды. Мен қазір тіпті үйден шыққым келмейді. Өзіме кішкентай студия істеп алдым. Сол жерде ән жазамын, бірақ бір жағынан жұмыс істеу керек деген де уайым бар. Баламның жанынан кеткім келмейді. Әуелгі ой — әйел адамға, келіншегіме үлкен-үлкен құрмет. Әйелдер — ғажап деген махаббат. Баланы дүниеге әкелу ғажайып екен», — дейді әнші.

Оның айтуынша, әке болғанын әлі толық сезіне қоймаған.

«Жауапкершілік сынды сезім әлі арта қойған жоқ. Маған біртүрлі ойыншық сияқты әлі, сонымен ойнап жүрген сияқтымын. «Мен әке болдым!» дейтінді әлі толық сезіне қойған жоқпын. Баласы бар жігіттер «балаң саған қарап күлгенде, реакция білдіргенде түсінесің» дейді. Солай шығар. Балам дүниеге келгеннен кейін ақша істеу керек деген ой да келді, ақша жетпейтін сияқты көрінеді», — дейді ол.

Alem-нің айтуынша, баласы әкесіне, сосын өзіне ұқсайды. Өнер иесі ұлы қырқынан шыққаннан кейін есімін кім деп қойғанын бөлісетінін жасырмады.

Alem лақап атымен танымал Батырхан Мәліков — Ninety One тобының мүшесі. 1993 жылы дүниеге келген. Отбасын құрғаны туралы 2022 жылы белгілі болды. Алайда ол кезде сүйіктісімен неке қиған. Ал биыл қаңтарда некесін заңдастырған. Өнер иесінің таңдауы — блогер әрі модель Вероника Жанғалова.