«Пропалестиндік митинг» деп жарияланған акцияда исламистер Германияда Ислам халифатын құру туралы үндеу таратқан, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Тұрар Құсайынға сілтеме жасап.
Анығында 3-ші қарашада Эссенде өткен шеруде палестиналық ту-жалаулар мен Газа секторын қолдауға арналған плакаттармен қатар неміс мұсылмандары Қазақстан һәм әлемде террористік ұйымдар болып саналатын «Игил-Даиш», талибан және «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» («Ислам азаттық партиясының») туы-рәміздерін де көтеріп шыққан.
Германиядағы мұсылмандар шеруді палестиналықтарды қолдау акциясы ретінде жариялағанмен, бірақ бұл іс-шара Эссен көшелерінде «ислам халифатын құруға шақырған» митингті өткізуге тек сылтау ғана болған.
Бұдан шығатын қорытынды:
Қытай концлагерлеріндегі азап шегіп жатқан миллиондаған қазақ-ұйғырға емес,айдаладағы «палестиналық» арабтарды өзінің бауыры санап,дұға қылатын біздің мүфтият имам-молдалары мен Нұртас Адамбай,т.б секілді исламистердің антисемиттік үндеулері мен арандатуынан қазақтар аса сақ болуы керек!!!
ПІКІР ЖАЗУ