NEET-санатындағы жастармен атаулы жұмысты ұйымдастыруда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің әлеуетін қолдану қажет. Бұл туралы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Біржан Әлімжан халықаралық конференцияда ұсынды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
«Ашық үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясындағы баяндамасында жас мемлекеттік қызметші NEET-санатындағы жастардың айматық базасын жасақтауда арнайы алгоритмді әзірлеу керек екенін айтты.
«2 күннен бері Академия қабырғасында мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференция өткізіліп жатыр. Өз тарапымнан мемлекеттік жастар саясаты саласы бойынша, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың NEET-санатындағы жастармен атаулы жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған баяндама жасадым. Зерттеу жұмысымда NEET-жастардың үлесіне байланысты қазіргі трендтер, шетелдік озық тәжірибе зерделенді. Сонымен қатар осы бағыттағы жағдайды оңталту үшін атаулы сипаттағы жұмысты күшейтудің маңыздылығы туралы айттым. Негізігі ұсыныс – NEET-санатындағы жастармен атаулы жұмысты ұйымдастыруда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің әлеуетін қолдану. Оның ішінде, осы санаттағы жастардың айматық базасын жасақтауда арнайы алгоритмді әзірлеп, жүйелі монторингін ұйымдастыру», – деді Біржан Әлімжан.
Айта кетейік, халықаралық конференцияға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, БҰҰ-дағы Қазақстан Республикасының тұрақты үйлестірушісі Фриберг-Стори Микаэла, экономика профессоры – Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Раев Квон Чунг, сондай-ақ отандық және АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Болгария, Польша, Тәжікстан елдерінен келген сарапшылар, отандық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
ПІКІР ЖАЗУ