Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан 57 келіге дейін салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. Осыған қатысты Бейжің Олимпиадасының чемпионы, даңқты боксшы Бақыт Сәрсекбаев пікір білдірді, – деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында кейбір боксшылардың сәтсіздікке ұшырауына бас бапкер кінәлі отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, құрамадағы боксшылардың дүбірлі додаға дайындығы өте төмен.
«Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта тыныс алулары қиындап, әрең жүр рингте. Соққылары аз. 3 минутта қанша «удар» жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Ғылыми топ қайда? Неге біздің боксшыларға дем жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші жекпе-жектен өте алмады деген не сұмдық?»- деп жазған ол ашынып.
Сондай-ақ ол Қазақстан бокс федерациясы өкілдеріне қарата тағы да бір бірнеше қойған.
«Лицензия алған боксшы олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 бой өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті…», -деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.
Еске салайық, Олимпиадада жеті қазақ боксшысының үшеуі — Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) , Асланбек Шымбергенов (71 келі) Махмұд Сабырхан (57 келі) жарысты бірінші айналымда аяқтаған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ