«Не боп кетті?». Желіде Ернар Айдар мен Әйгерім Қалаубаеваның суреттері тарады (ФОТО)

Фото: juldyzdar_news

Желіде белгілі әнші Ернар Айдар мен Әйгерім Қалаубаеваның бірге түскен ескі суреттері тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы juldyzdar_news Instagram парақшасы жазды.

Көпшілік екеуінің кезінде жұп болғанын жарыса жаза кетті. Желіде желдей ескен бұл әңгімелер тыңдармандар мен жанкүйерлер арасында түрлі пікір туғызды.

Алайда бұл тақырып әлі де нақтыланбаған, ресми расталған ақпар жоқ. Көпшілік жорамал жасап, талқылауларға сүйеніп, түрлі болжам айтуда. Ернар мен Әйгерім екеуінің өнердегі тығыз байланысы мен ортақ жобаларда жиі көрініп жүргені де осындай әңгімелердің пайда болуына себеп болды.

«Әріптестер арасындағы сурет», «Бұрынғы суреттері ғой», «Жерлестер емес пе?», «Кім қалды қоспаған?», деп жақтаған жандар да табылды.