«Назым келгенше дайын болады». Назым Қызайбайдың үйінің алдында жол жөнделіп жатқаны туралы ақпарат шықты

Коллаж: turkysran.kz

Желіде Назым Қызайбайдың үйінің ауласында жол жөндеушілердің жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Назымды күтіп алуға дайындалып жатырмыз. Жол жиегіндегі тастарды ауыстырамыз. Назым келгенше бәрін дайындап қоямыз», — деді кадр сыртындағы дауыс иесі.

Мұны көрген желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп жатыр.

«Жақсы-ақ! Бірақ асфальтты тек қана Назымның, Сметовтің үйінің алдына емес, бүкіл Қазақстанның аймақтарында да салу керек. Сосын тесіктерді жамамай, дұрыстап сапалы төсемей ме?!», «Чемпион болмасаң асфальт төселмейді деген сөз ғой», «Не істейміз? Ауыл болып Олимпиадаға қатысамыз ба?», «Олимпияда қатысу керек еді» деп жазды интернет қолданушылары.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)