Назарбаевтың жиені Самат Әбіш «сақалдыларды» дайындағаны рас па?

Назарбаевтың жиені Самат Әбіш Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқара жүріп, радикалды исламшылдардың жауынгерлік бөлімшелерін дайындаған, деп хабарлайды «ozgeris.info» ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы жоғары шенді офицері мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының экс-басшысы, полковник Мұхтар Қарабеков Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің қызметі туралы белгісіз мәліметтерді жария етуге уәде берген және оның радикалды исламшыларды дайындағаны жөнінде айтқан.

«ҰҚК «сақалдыларды» дайындады, Самат Әбіш Тасмағамбетовке қарсы айғақтар талап етті, оны Дариға Назарбаева қолдады» – деді полковник Қарабеков.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, ол өзін Самат Әбіштің қылмыстық істі тоқтату үшін сол кезде Қорғаныс министрі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетовке қарсы қол қоюға қалай мәжбүрлегенін айтып бермек.

Полковниктің айтуынша, экс-Президенттің қызы, сол кездегі Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Самат Әбіш пен Кәрім Мәсімовті қолдаған. Жалған сөз айтудан бас тартқан Қарабеков ақыры бас бостандығынан айырылған.

Полковниктің айтуынша, осындай ұсыныс авиация генерал-майоры Асқар Бөлдешовке, полковник Роман Құрманбаевқа және генерал-майор Тимур Әбішевке де жасалған. Бұл ұсынысты Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов жеткізген.

Сонымен қатар, полковник ҰҚК қызметкерлерінің Қазақстан аумағында исламшыл содырларды қалай дайындағаны туралы айтып береді, сондай-ақ қайғылы қаңтар оқиғасының мақсат-міндеттерін ашып көрсетті.

Сонымен қатар, ол әскерилер Қорғаныс министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық, Қазақстанның ең танымал шенеуніктерінің басы-қасында жүргені және осының бәріне Дариға Назарбаеваның қатысы барын айтады.

 

«ozgeris.info».