Ұлттық ғылым академиясы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің академиктер тізімі жаңартылды және Нұрсұлтан Назарбаев бұл тізімде жоқ деген сөзін жоққа шығарды, деп жазады Ozgeris.Info.
Ұлттық ғылым академиясы академик мәртебесі өмір бойына берілетінін және айрықша жағдайларда ғана күші жойылатынын айтты. Олардың хабарлауынша, Назарбаев әлі де академиктер тізімінде.
«Ұлттық ғылым академиясының академиктері жалпы жиналыста жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жарғыға және ондаған жылдар бойы қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, академик мәртебесі өмір бойына беріледі. Жарғыда нақты белгіленген ерекше жағдайларда, Ғылым академиясы мүшелерінің дауыс беруі негізінде ғана алынып тасталынуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек президенттің шешімімен жаңа Ғылым академиясы құрылғаны туралы хабар тарады. Қазір оның құрамында тоғыз академик бар, ал бұрынғы тізімнің күші жойылғаны айтылды.
ПІКІР ЖАЗУ