Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова үшінші келінін түсіруге әзірленіп жатыр.
Продюсер үшінші ұлы Заңғардың тойына дайындықты бастап кетті. Гүлзира Айдарбекова бұл жолы келінмен қарым-қатынаста ешқандай қателік жібермеуге бекініп отыр.
“Заңғар балаңыз Шымның қызын алып келсе қамыр жайғызып, ақылыңызды айтып отыруға не жетсін”, деп жазған оқырманына продюсер: “Иә, осы келінді нағыз келінше ұстаймын деп қоямын, жүрегім шыдаса. Ең бастысы адал, менің бүкіл шаруамды атарып, жұмысымды сеніп тапсыра алатын, дандайсып кетпейтін келін келсін”, – деп жауап берді.
ПІКІР ЖАЗУ