Мюнхенде автомобиль адамдар тобына соғылып, 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды Daily Mail.
Оқиға Дахауэр ауданында Verdi кәсіподағының митингі кезінде болған. Көлік жүргізушісі ұсталды, оның ниеті әлі белгісіз.
БАҚ мәліметінше, оқиға алдында атыс дауысы естілген болуы мүмкін, бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
«Көлік Verdi митингіне қатысушыларға соғылды. Адамдар жерде отырып, дірілдеп, жылап жатыр,» – деп жазды неміс журналисі Сандра Деммельхубер.
Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілуде.
Аймақ қоршауға алынып, құқық қорғаушылар куәгерлерден жауап алып жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ