Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров «Хутор» бандасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол егер Қазақстанда қуатты ұйымдасқан қылмыстық топ болса, ол туралы бұрыннан белгілі болар еді деп мәлімдеді.
«Егер мықты ОПГ (ред. – ұйымдасқан қылмыстық топ) болса, аты шыққан жігіттер болса, еститін едік қой. Қазақстанда тоқсаныншы жылдардағы аты шыққан жігіттерді бәріміз білеміз. Оның бәрі әлеуметтік желінің кесірінен, «сондай бандиттер болған деген сияқты» соларға тиеп жатқан болуы мүмкін. Көшеде кім төбелеспей жатыр қазір?», — деді Назаров Мәжілістің қасында.
Депутат сондай-ақ, Хасан Қасымбаевпен таныс еместігін және Қасымбаевтың ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы туралы сыбыстарға түсінік бере алмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселелердің бәрін құзыретті органдар шешуі тиіс.
Ақпарат qazaq.today сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ